Тарихтағы тұлғалар есімімен аталған тағамдар
Ал барлығы жақсы көретін "Цезарь" салаты не ебепті бұлай аталған? Атақты күнтізбе жасаушы Юлий Цезарь құрметіне ме? Жоқ. "Цезарь" салаты "Цезарь" – Пармезан ірімшігі, жұмыртқа, чили қызанағы, соус және басқалары қосылып жасалатын дәстүрлі салат. Бұл 1924 жылы Тихуанда осы тағамды ойлап тапқан мексикалық мейрамхана маманы Цезарь Кардини құрметіне осылай аталған. Қазір бұл салатқа анчоус (хамса балық) қосатындар да бар. Бірақ Кардинидің өзіне бұл нұсқа
ұнамайтын, ол ешқашан ұсақ балық қоспаған екен.
Сэндвич "Сэндвич" сөзінің өзі тарихта боғлан тұлғаның есімімен байланысты. Он сегізінші ғасырда өмір сүрген Граф Сэндвич Джон Монтагю ойынға құмарлықтан зардап шегеді. Ол карта ойындарына әуестенгені сонша, орнынан тұрып, тамақ ішуге де шамасы келместен, ойынға беріліп кетеді. Сол кезде оған картадан тұрмай-ақ, жүрек жалғап алу үшін екі тілім нанның ортасына салынған ет беріледі. Нәтижесінде сэндвич деп аталатын осындай бутерброд пайда болған.
"Маргарита" пиццасы Бұл неаполитандық пицца 1889 жылы Неапольде тұрған италиялық Маргарита патшайымның құрметіне аталған. Карпаччо Карпаччоны әдетте сиыр етінің өте жіңішке тілімдерінен жасайды. Кейде саңырауқұлақ, шалқан, пармезан ірімшігін де қосады.Бұл осы тағамды ойлап тапқан италиялық суретші Витторе Карпаччоның атымен аталған. Ол салған суреттерінде де қызылдың сиыр етіндей реңін пайдаланатын болған.