Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Қызылорда облысының полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Қызылорда облысының полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Кеңес отырысына Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Қызылорда облысының құрметті азаматы Ерманов Нұрмұрат Наятұлы және кеңес мүшелері, полиция департаментінің басшылығы қатысты.
Отырыс барысында Кеңес мүшелерімен қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын шетелдердің үздік тәжірибесіне сүйене отырып әзірлеуге кірісті.
«Әкімдер мен мемлекеттік органдарды осы іске белсенді тарту, барлық мүдделі азаматтармен әріптестік орнату, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесін құру жоспарлануда. Бюроктратиялық қоғам сұраныстарынан арылып, полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады. Тұжырымдамада негізгі 3 стратегиялық бағыт және 19 міндет қарастырылады. Бұл тұжырымдама орындалғаннан кейін елде құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесі қалыптастырылып, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша әлемнің 40 еліне, жол қауіпсіздігі бойынша әлемнің 70 елінің қатарына кіру жоспарлануда», - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Ибраев.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы тұжырымдаманың алғашқы стратегиялық бағытының маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін арттыру мәселесін ерекше атап өтті.
Кеңес мүшелері еркін пікір алмасып, ұсыныс – тілектерін ортаға салды. Өз кезегінде Консультативтік-кеңес мүшесі, Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері, облыстық мәслихат депутаты Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы тұжырымдаманы іске асыру бағытындағы келелі ұсыныстарын айтып өтті.
Тұжырымдама маңызды міндеттерді жүктеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға жаңа серпін берері анық. Бұл ретте Консультативтік-кеңесші органның мүшелері бұл бастамаға бірауыздан қолдау білдірді.
06 сәуір 2023 ж. 323 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930