Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлылар ұлағаты: Төлегетай баба мен Қылышты ата»

«Ұлылар ұлағаты: Төлегетай баба мен Қылышты ата»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ұлылар ұлағаты: Төлегетай баба мен Қылышты ата» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.
Шарада облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов тарихи тұлғалардың өмір жолына тоқталып, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың конференция қатысушыларына құттықтауын оқыды.
Жиын барысында ғалымдар халқымыздың мәдени және рухани мұрасының тағылымытуралы сөз қозғап, жаңашыл ой, тұшымды тұжырымдар жасады.
Сонымен қатар, «Төлегетай баба» қоғамдық қорының президенті Дайрабай Ысқақұлы бабалар ерлігі мен еңбегін әр уақыт ұлықтап жүру керектігін айтты.


–Жаугершілік заманда, қиын кезеңдерде талай рулардың жойылып кеткен кезі де болған. Кейбірі сиреп, басқа да ұлыстарға қосылған. Қазіргі таңда бабалар арманы орындалып, қазақ елі бірлігі мен ынтымағы жарасқан, бейбіт мемлекетке айналды. Сыр еліндегі республикалық ғылыми-танымдық конференцияның мақсаты – бабалар еңбегін ұлықтау. Қазақ қай шежіреден, ұлыстан, рудан болмасын әр уақыт еңбекті, бірлікті ту еткен, – деді Дайрабай Ысқақұлы.
Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаммед Көпеев тың мәліметтермен бөлісті. Ал, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы «Ортағасыр деректеріндегі Найман мемлекеті және оның күйреуі» тақырыбында, ҚР бас прокуратурасының өкілі Кенжебек Әлқожаев «Ортағасырлық Қазақстан (VII-XII ғ.ғ.): Ислам дінінің қалыптасуы және ханафи мазхабы теологтарының рөлі» тақырыбында, Қырғыз Республикасының жазушы-тарихшысы Мұса Сапаев «Молда Нияз – көчмөндүк цивилизациясының тұлғасы» тақырыбында, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қорының «Шығыс Қазақстан өңірі тарихы мен мәдениетін балама зерделеу» жобасының жетекшісі Айбек Кәрімов «Қылышты қожа – Төлегетай баба ұрпақтары тағдырының сабақтастығы» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Талғат Жолдасұлы «Қожа әулеттерінің Орталық Азия халықтарының тарихындағы орны: Сейіт Бұрханиддин Қылыш әулеті мысалында (XIII-XIX ғ.ғ.)» тақырыбында баяндама жасады.
Ауқымды шара соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

«Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоры
26 қыркүйек 2023 ж. 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031