Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын алуға 20 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын алуға 20 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінетін болады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырды.
Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы тамызда еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жаңа бағдарламасы іске қосылды.
Мәселен, өткен жылы 900-ге жуық аграрий қысқа мерзімде бастапқы жарнасыз жылдық 6% мөлшерлемемен лизингке 1 053 техника сатып алды: 176 комбайн мен 877 трактор. Бұл ретте жаңа техника 2022 жылғы егін жинау науқанына уақытылы қатысты.
Айта кету керек, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады.
19 қыркүйек 2023 ж. 343 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930