Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке: Сапалы өнім, қолжетімді баға

Жәрмеңке: Сапалы өнім, қолжетімді баға

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің Қ.Пірімов көшесіндегі «Жеңіс» саябағының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мұнда Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерден 21 көлікпен 51 тонна өнім әкелініп, базар бағасынан төмендетіліп сатылды.
Нақтыласақ, 100 литр шұбат, 40 тонна қауын, қарбыз, 3 тонна асқабақ, 3 тонна жуа, 20 бас қой, «РЗА-СҮТ» ЖШС өнімдері 1 тонна және «Игіліков» ЖШС балықтары тұрғындарға ұсынылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жәрмеңкеге арнайы барып, баға мен тұтынушылар талабына баса назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындармен пікірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң бағасын берді.
Жәрмеңкеде қарасы қалың болған келушілер өздеріне қажетті өнімдерді көптеп алып, қуана тарқасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қыркүйек 2023 ж. 282 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930