Жолдау - жарқын болашаққа үндейді
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды. Жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауын асыға күтетініміз рас. Бастысы, айтылған мәселелер жоспарлы мерзімде жүзеге асса, онда ел үшін тиімділігін бермек. Президент жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін. Президент Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжат. Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз нәтижелерін беріп келеді. Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді. Осы ретте Президент Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Ардақ Кәдір,
Аудандық мәслихат депутаты
Аудандық мәслихат депутаты