Жолдау маңызды міндеттерді жүктейді

Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз нәтижелерін беріп келеді. Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді. Осы ретте Президент Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысы қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтыратын жағдайлардың алдын алып, халықтың қаржы сауатын арттыру маңызды екенін айтты. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап, жобаның игілігін бүкіл еліміз көруі қажет екенін баса айтты. Жолдаудың жаңаша бағыттағы Қазақстанды құруға оң нәтиже береріне біз де сенеміз және жүзеге асыруға атсалысатын боламыз.
Ардақ КӘДІР,
аудандық мәслихат депутаты
#AMANAT