Жолдау - оң өзгерістерге бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Көптен күткен Жолдауды көңілден шықты деуге болады.Жолдауда Президент 2029 жылға дейін жолды күрделі жөндеуден өткізетінін айтты.
Жол ол еліміздің драйвері. Жол елімізді алыс-жақын шетелдермен байланыстыратын негізгі фактор. Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолы ел дамуының, сауда - экономикалық серпін беретін басты бағытымыз.
Сондай-ақ, жолды реформалар жүргізуді атады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.
Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа».
Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» - деп кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл қазіргі уақытта өте қажет дүние.
Балалардың балалық шағы алаңсыз, қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі керек. Бұл мәселе көптен бері менің көкейімде жүр еді. Бүгін Жолдау естіп, нақты істер қолған алынатына қуандым.
Мен Президенттің биылғы Жолдауын қолдаймын және Жолдауда айтылған міндеттер мен тапсырмалардың сәтті жүзеге асады деген сенімдемін.
Нұрбек Нысанбекұлы,
Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры