Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауда жол мәселесі де қозғалды

Жолдауда жол мәселесі де қозғалды


Жалпы біздің елімізде облыс орталықтары мен аудан және ауыл аймақтарды байланыстыратын автокөлік жолы мәселесі өте өзекті. Бұл мәселелерде жыл өткен сайын шешімін тауыпта келеді. Алайда қаржыны көп қажет ететін осы жол салу мәселесінде кемшіліктерде жоқ емес. Оның бірі әуелі жолдың сапасы болса, екіншісі осы саладағы жемқорлық мәселесі. 
Ел Президенті бүгінгі Қазақстан халқына жасаған Жолдауында осы мәселеге нақты тоқталды.
- «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер.
Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет» - деді мемлекет басшысы. Жолдауда айтылған тапсырмалар жыл соңына дейін нақты орындалар болса, аталған кемшіліктер азаяды деп сенеміз.

Әлімбай Қасқырбай Әлімбайұлы,
Қазалы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
09 қыркүйек 2023 ж. 491 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031