Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда халықаралық семианр өтті

Алматыда халықаралық семианр өтті

Бүгін Алматыдағы Біріккен ұлттар ұйымының ғимаратында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарын бастады. Шараның ашылу салтанатында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова ханым халықаралық семинардың басты мақсатына тоқталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева ханым аталған жобаның Қазақстан және әлемдік мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Семинарға АҚШ, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары шақырылған. 7 қыркүйек күні семинар қонақтары ортағасырлық Талғар (Талхиз), Рахат қалашықтарымен және «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдарымен танысып, Есік көліне барды. Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында, ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросында жалғасқан семинарда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің қазіргі жағдайы, сақталуы, нысандар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып жатыр.
Жоба шеңберінде «Есік» музей-қорығында семинар аясында музей ісі бойынша қалалық және облыстық музей қызметкерлеріне семинар-тренинг өтеді. Онда музей саласының білікті мамандары музей экспозициясындағы археологиялық бұйымдарды түсіндіру, әңгімелеу, музейлік бұйымға тартымды аннотация жасау бойынша авторлық шеберлік сабақтармен қатар қонақжай музейдің әлеуметтік дизайн тұжырымдамасы туралы тәжірибелік дәрістер ұйымдастырылады.

“Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ – «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарының ақпараттық серіктесі.
08 қыркүйек 2023 ж. 187 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 57

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930