Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев: Газ құбырындағы профилактикалық жұмыстарды жеделдету қажет

Мұхтар Оразбаев: Газ құбырындағы профилактикалық жұмыстарды жеделдету қажет

Қазіргі күні аудандағы магистральдық жоғары қысымды газ құбырын жөндеу профилактикалық жұмыстары барысында пайда болған техникалық ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бүгін көгілдір отынның аудан тұрғындары үшін аса маңызды екенін қаперде ұстаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жөндеу жұмыстарының басына арнайы барып, барлығын көзбен көріп қайтты.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының Қазалы ауданы бойынша газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев қосымша техника алдырылғанын баяндап, жұмыс одан әрі жанданатынын айтып өтті. Қазір мұнда екі компрессор іске қосылып, азот қышқылы жіберілуде.
Өндірістік филиал мамандарымен кездескен аудан басшысы жұмысты жеделдете отырып, тез арада ел игілігіне беруді тапсырды.
Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов пен “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Қызылорда өндірістік филиалының Қазалы ауданы бойынша газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаевқа жөндеу жұмыстары аяқталамын дегенше күндіз-түні жұмыстың басында болып, жағдайды баяндап отыруды жүктеді.
07 қыркүйек 2023 ж. 123 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 60

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 89

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031