Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік Сбербанк Қазақстанға карта нөмірі бойынша ақша аударуды тоқтатты

Ресейлік Сбербанк Қазақстанға карта нөмірі бойынша ақша аударуды тоқтатты

Ресейлік Сбербанк Қазақстанда Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына ақша аударуды іске қосып, бір күннен кейін қайта тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Коммерсант" басылымының жазуынша, 5 қыркүйекте ресейлік Сбербанк Қазақстанға Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына аударымдарды бастады, бірақ 6 қыркүйекте ақша аударуды тоқтатып, клиенттерге қаражатты қайтара бастады. Қазақстанға аударылған ақша қазақстандық банктердің карталарына түспеген.
Реклама
Ең ірі ресейлік банктің клиенттеріне ақшаны бес жұмыс күні ішінде "комиссиямен қайтаруға" уәде берді. Сбербанк қазақстандық несие ұйымдары аударымдарды қабылдамағанын айтып отыр. Бұл ақпаратты Қазақстанның бірнеше банкі растады.
Ресей Федерациясына қарсы халықаралық санкцияларға байланысты ресейлік банктердің клиенттері әлемнің көптеген елінде Visa және Mastercard карталарына ақша аудара алмай отыр. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияда Сбербанк клиенттері ақшаны ұлттық төлем жүйелерінің карталарына аудара алады.

07 қыркүйек 2023 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031