Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптің көңілі «көк қағазда»...

Көптің көңілі «көк қағазда»...

Депозит – азаматтардың банктегі жинағы. Сөмкеде тұрғанға қарағанда қаржы институтының қоржынында тұрған ақшаның бәсі жоғары. Өйткені оған ай са­йын, жыл сайын пайыз қосылып, үстемеленеді, көбейеді. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 32 трлн теңгеге жеткен. Көрсеткіш бір айда 1,9 пайызға артыпты.
Елдегі 21 банктің 15-і өсім көрсетіп, қалған 6 банкте азайған. Үздік 10 екінші деңгейлі банк арасында 7 банкте депозит көлемі көбейсе, үшеуінде төмендепті.
Елдегі ірі банктер арасында депозит көлемінің ай сайынғы өсімі ең жоғары Bank RBK-да, бірден 9,1%-ға, 93,6 млрд теңгеге ұлғайған. Өсім корпоративтік (бір айда 12,8%) және бөлшек депозитте де (4%) байқалды. Банкте бизнес пен жеке тұлғаларға арналған өнімдердің кең ассортименті бар. Жеке тұлғаларға арналған мөлшерлемесі жоғары депозиттерінің ішінде Safe депозитін атауға болады. Ұлттық валютадағы ЖТСМ 17,2%-ға жетеді. Депозитті My RBK мобильді қосымшасы арқылы немесе банктің кез келген бөлімшесіне барып ашуға болады.
Депозиттердің ай сайынғы өсімі бойынша үздік 10 екінші деңгейлі банк арасында екінші орынды Kaspi Bank иеленеді, 8%-ға көбейген. Үздік үштіктегі «Еуразиялық Банк» депозиті 5%-ға артыпты.
Жалпы, сыртқы күйзелістерге және геосаяси белгісіздікке қарамастан, елдің банк секторы тұрақтылық танытып отыр. Айлық өсіммен қатар, жылдық динамикада да депозиттердің айтарлықтай өсімі байқалды: бірден 20,7%-ға өскен. Бұл ретте бес жыл ішінде депозит көлемі 89,2%-ға, ал онжылдықта 3 еседен аса ұлғайыпты.
Ал халықтың банктерге салған депозитін депозиттерді міндетті кепіл­дендіру жүйесі қорғайды. Бұл жүйенің қорғауына тек банк депозиті ғана кірмейді. Қор жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің барлық ағымдағы шотындағы ақшаға, оның ішінде төлем карталарындағы белгілі бір сомаға кепілдік береді. Осылайша, депозит көлемінің айтарлықтай көбеюі салымшылардың еліміздің банк жүйесіне деген сенімін, сондай-ақ сенімді инвестициялық құрал ретінде депозиттің тартымдылығын көрсетеді. Уақыт­ша белгісіздік пен геосаяси толқу­лар кезеңінде мұндай өсім банк сек­торының тұрақтылығы мен бекемдігін байқатады.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бо­йынша, жеке тұлғалардың банктердегі депозиті 18 трлн теңгеге жеткен, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 1,1 трлн теңгеге (немесе 6,4%-ға) артық. Жыл басынан бері жеке тұлғалар депозитінің өсімі бойынша Kaspi.kz көшбасшы болды. Бұл қаржы институтына салынған салым мөлшері жылдың басынан бері 541,7 млрд теңгеге ұлғайған. Мұндай өсім елдегі басқа екінші деңгейлі банк нәтижелерінен бірнеше есе жоғары. Биыл маусым соңына қарай жеке тұлға­лардың бұл банктегі депозит портфелі 4,2 трлн теңгеге жетті.
Екінші орында – «Еуразиялық Банк». Жеке тұлғалардың депозиті 155,5 млрд теңгеге, 1 трлн теңгеге дейін өсті. Үздік үштікті «Фридом Финанс Қазақстан» банкі қорытындылайды: 134,4 млрд теңге ұлғайып, 443,7 млрд теңгеге жеткен.
Қазір еліміздің қаржы секторында 21 екінші деңгейлі банк (ЕДБ) бар. Ал жеке тұлғалардың депозитінің негізгі шоғырлануы ірі қаржы институттарына, соның ішінде жоғарыда аталған банктерге тиесілі. Топ-5 ЕДБ барлық депозиттің 80%-ын қамтиды.
Соңғы уақытта болып жатқан тосын ахуалдарға қарамастан, жеке тұлғалардың ел банктеріндегі депозиті де ұзақмерзімді түрде өсіп келеді. Бір жыл ішінде мұндай депозиттердің көлемі 4,3 трлн теңгеге (немесе 31,3%-ға) өсті. Бесжылдық кезеңді қарастыратын болсақ, онда бұл сома 2 еседен астам, ал он жылда 5 есеге жуық көбейген.
Дегенмен атап өтерлік бір жағдай – депозит құрылымындағы доллар үлесінің әлі де көптігі. Елімізде доллар­сыздандыру саясаты жүргізіліп жат­қанына қарамастан, валюталық депозит жеке тұлғалардың депозитінің жалп­ы көлемінде әлі де елеулі үлеске ие. Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағ­дай бойынша, жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиті 5,5 трлн теңгеге жетті – бұл былтырғымен салыс­тырғанда 14%-ға артық. Шетел валю­та­сындағы депозиттің жалпы жеке тұлғалар депозитіндегі үлесі 30%-дан асты.
Ranking шолушыларының айтуын­ша, екінші деңгейлі банктердегі шетел валютасындағы депозиттің осындай елеулі үлесі олардың салыстырмалы түрде төмен кірістілігіне қарамастан сақталып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстан заңнамасы шеңберінде ел банктеріндегі шетел валютасындағы депозиттің жылдық сыйақы мөл­шер­лемесі 1%-дан аспауға тиіс.
Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы депозиттердің де кірістілігінің жоғары болуына әсер етеді. Статис­тика бойынша, биыл сәуірде жеке тұлға­лардың депозитін тарту бойынша банктердің орташа сыйақы мөлшер­лемесі 13,9 пайызға дейін өскен. 2021 жылы мөлшерлеме – 8, ал 2022 жылы 10,6 пайыз болғанын ескерсек, 13,9 па­йыз деген – рекордтық көрсеткіш. Қазір еліміздің ірі банктері – ForteBank пен Halyk Bank-те депозит бойынша ставка 17 пайызға (ЖТСМ) жетсе, Jusan Bank-те – 16,8 пайызды құрайды. Бұл мөлшерлемелер инфляциядан асып түсуге және депозиттерді қорғауға, оның ішінде пайданы қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесіне ислам банктерінен басқа банктердің барлығы қатысады (олардың ішінде шетелдік банктердің қазақстандық филиалдары да бар). Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға жинақ ақшаларын қайтарады. Бұл ретте лимиттелген сома­лардың сақталуына кепілдік беріледі: 20 млн теңге – теңгедегі жи­нақ депозиттер (салымдар) бойын­ша; 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша; 5 млн теңге – шетел валю­тасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша.
Айта кетерлігі, бірнеше банкте әртүр­лі шотта сақталған ақшаларға әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік бері­леді. Сондықтан жинақ ақшаларды қауіп­сіздендіру үшін қор оларды әртүрлі банкте сақтауға кеңес береді.
07 қыркүйек 2023 ж. 124 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 52

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 47

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930