Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Венеция саяхаттап келген туристерден ақша ала бастайды

Венеция саяхаттап келген туристерден ақша ала бастайды

Венеция шектен тыс туризм мәселесін шешу мақсатында келесі жылдан бастап қалаға бір күнге келген туристерден кірерде 5 еуро (5,35 АҚШ доллары) көлемінде төлем алуды жоспарлап отыр. Ақы 14 жастан асқан туристердің бәрінен алынбаз. Сынақ 30 күнге жалғасады, деп хабарлайды inform.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Ақша алудағы мақсат – Венецияда тұратын, оқитын немесе жұмыс істейтін адамдар мен қалаға келетіндердің құқығы арасында жаңа баланс орнату», - деп мәлім етті Венецияның туризм бойынша кеңесшісі Симоне Вентурини.
Сондай-ақ ол мұндай тәсілдің мақсаты – ақша табу емес екенін атап өтті.
Елге кіретіндерден төлем алу жоспары нақты қашан енгізілетіні және оның жүзеге асу тәртібі келесі аптада, кеңес толықтай мақұлдағаннан кейін нақтыланады.
Төлем алу жоспары алғаш 2019 жылы талқыланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын.
Шектен тыс туризм көптен бері қаланың үлкен мәселесіне айналды. Шамамен 50 000 адам тұратын тарихи қала халқының санынан туристер саны жиі асып кететіні айтылып жүр.
Шілдеде ЮНЕСКО сарапшылары Венеция мен Венеция мүйісін жаппай туризм және климат өзгерісі салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан Әлемдік мұра тізіміне енгізуді ұсынды.
07 қыркүйек 2023 ж. 164 0

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031