Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда хакерлер алаяқтықтың жаңа түріне көшті

Қазақстанда хакерлер алаяқтықтың жаңа түріне көшті

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері хакерлердің «Trojan Downloader» вирусын тарататын фишингілік интернет-ресурсын анықтады, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс берген кезде электронды қолтаңба қалдыру үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажеттігін бәріміз білеміз. Мемлекеттік техникалық қызмет «hxxps://ncalayer.info/update.php» дейтін фишингтік интернет-ресурсты анықтады. NCALayer-ді жаңартатын бағдарлама ретінде ұсынылатын ресурс жүктелген соң «Trojan Downloader» вирусын таратады. Сол арқылы қолданушының құрылғысына зиянкес бағдарлама орнатылады. Соның салдарынан ақырында қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты, парольдерді оқи алады. Тіпті құрылғыға тысқары қосымшалар да орната алады, - деп жазылған ресми мәліметте.
Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері мұндай бағдарламаларды орнатудан, күдікті сілтемелерге өтуден аулақ болу қажеттігін айтып отыр. Өйткені мұндай әрекет жеке мәліметтерге қауіп төндіруі мүмкін.
05 қыркүйек 2023 ж. 235 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 117

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031