Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлеуге арналған бір жолғы төлем қалай тағайындалады

Жерлеуге арналған бір жолғы төлем қалай тағайындалады

Елімізде адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына біржолғы төлем жасалады. Жерлеуге берілетін төлемнің бірнеше түрі бар, деп хабарлайды inform.kz.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерлеуге арналған жәрдемақы зейнеткерлер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылар қайтыс болған жағдайда тағайындалады. Жерлеуге арналған біржолғы төлем мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 35 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 120 750 теңге. Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну арқылы, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ проактивті қызметпен алуға болады», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға жауабында.
Одан бөлек, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне 94 АЕК (2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 324 300 теңге) көлемінде жерлеуге біржолғы төлем тағайындалады.
Бірақ төлем қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан артық болмауы тиіс. Төлемді алу үшін тұрғылықты жері бойынша БЖЗҚ филиалына жүгіну керек.
«Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, кемінде 35 АЕК (2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 120 750 теңге) төлем жасайды», - дейді ведомстводан.
05 қыркүйек 2023 ж. 325 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031