Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушыларда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыратын бағдарлама әзірленеді

Оқушыларда суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыратын бағдарлама әзірленеді

Елімізде мектеп оқушыларының бойында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнаулы оқу бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Суды үнемдеу сабақтарда, қосымша және мектептен тыс іс-шараларда қарастырылған. Дегенмен, осы жолғы Жолдауды ескере отырып, бұл бағытта мектептердегі тәрбие жұмыстарын күшейту қажет сияқты. Оқушыларымыздың арасында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруды күшейтетін жеке бағдарлама қабылданады», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар Ғани Бейсембаев оқушыларды қаржы сауаттылығына тәрбиелеу мәселесіне де тоқталды.
«Қаржы сауаттылығы – бұл тақырып 2019 жылдан мектептерге енгізілді. Дегенмен, өзге де тәжірибелерді ескере отырып, мектептерде бұл бағыттағы жұмыстарды жаңаша күшейткіміз келеді», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Онда Президент елімізде суды үнемді пайдалану мәдениеті жоқ екендігін айтқан еді.
01 қыркүйек 2023 ж. 430 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031