Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді колледж студенттері үш бірдей біліктілік бойынша оқып шыға алады

Енді колледж студенттері үш бірдей біліктілік бойынша оқып шыға алады

Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту мерзімін дербес анықтайды. Студенттерге еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.
"Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35% үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі. Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға арттырылады".
Министрлік хабарламасы
Екі жыл қатарынан еліміздің колледждерінде жұмысқа алу міндеттемесімен мақсатты тапсырыс бойынша 10 мың студентті қабылдау жүргізіліп жатыр. Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.
28 тамыз 2023 ж. 225 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 67

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930