Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 тамыз күні ауа райы қандай болады?

25 тамыз күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Абай облысының орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі әлі де жоғары.
Семейде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең солтүстікке, облыстың шығысына ауысады, екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай жарқылдайды.
Алматы облысының басым бөлігінде күндіз 35-37 градус ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз 35-36 градус ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен батысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Өрт қаупі әлі де жоғары. Өскеменде күндіз найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні –15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Батыста, облыс орталығында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда күндіз 35-36 градус аптап ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Солтүстікте, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Оралда күндіз найзағай жарқылдайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең найзағай ойнайды.
Қостанай облысының орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыс орталығында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні –15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде найзағай ойнайды.
Қызылорда облысында күндіз батыста, облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші –15-20 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні –15-20 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды.
Павлодар облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауданның басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
25 тамыз 2023 ж. 152 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 16

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 10

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 15

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30