Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетін болды
Ұлттық банк биыл цифрлық теңге платформасын тәжірибелік тұрғыдан қолданысқа енгізу жоспарланып отырғанын, кейіннен саны шектеулі қатысушылар нақты жағдайда сынақтан өткізілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта Ұлттық банк платформаның функционалдық мүмкіндіктерін пысықтап жатыр, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz агенттігі LS-ке сілтеме жасап.
«Платформаны әзірлеу икемді режимде жүзеге асырылады, ол мүмкін болатын кемшіліктерді жедел анықтауды және жоюды қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде платформаны қолданысқа енгізуге кедергі болатын күрделі технологиялық ақаулар анықталған жоқ», - деді Ұлттық банк өкілдері.
Мамандар цифрлық валюталар идеясының жаңалығына байланысты цифрлық теңге платформасының функционалдығына қатысты бірқатар ұйымдастырушылық және технологиялық жұмысты жүргізу қажет екенін айтты.
Аталған жобаны жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны белгілі. Мәселен, биыл платформа банктердің қатысуымен пилоттық жоба ретінде іске қосылуы мүмкін. 2024 жылы Ұлттық банк жұмысын жақсартып, қатысушылар санын арттыруды көздеп отыр.
«Платформаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны коммерциялық пайдалануға енгізу 2025 жылға жоспарланған», - деп атап өтті бас банк өкілдері.
Қазір цифрлық теңгені тестілеуге қатысатын банктердің тізімі нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк цифрлық теңге жобасын Жоғарғы есеп палатасына ұсынған болатын. Сол кезде палатаны цифрлық валюта енгізу әдістемесіне қосу мүмкіндігі туралы айтылды.
Еске салайық, Ұлттық банк цифрлық теңге құру жұмысы туралы 2020 жылы мәлімдеген еді.