Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір бесінші университет түлегі мамандығы бойынша жұмысқа тұрмаған

Әрбір бесінші университет түлегі мамандығы бойынша жұмысқа тұрмаған

Еліміздегі университеттерді тәмамдаған әрбір бесінші адам мамандығы бойынша жұмысқа тұрмаған. Бұл туралы елордадағы жоғары білім және ғылым форумында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің оқу орындарының 30 мыңнан астам түлегіне еңбек нарығында сұраныс болмады. Бұл - біздің отандық университетті бітірген әрбір бесінші түлек. Қазіргі кезде түрлі платформаларда жұмыспен қамту тетігі кеңейіп келеді. Онда негізінен азық-түлік жеткізу, такси қызметі сияқты платформалар бар. Зерттеу көрсеткендей, кейінгі төрт жылда онда жұмыс істейтін жоғары білімі бар жұмысшылардың үлесі 10 пайызға, яғни 23-тен 33 пайызға өсті. Экономиканың қай саласына жоғары білімді мамандарды дайындап жатқанымызды түсініп отырсыздар деп үміттенемін», - деді Т. Дүйсенова университет ректорларына қарата айтқан сөзінде.
Оның айтуынша, қазір экономиканың бірқатар маңызды бағыттарында білімді кадрлар тапшылығы бар.
«Егер жалдамалы жұмысшылардың жас құрылымына қарасақ, онда 40 жастан асқандар басым екені байқалады. Қазірдің өзінде нақты секторға жас мамандар керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, университет оқытушыларына жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылмақ.
24 тамыз 2023 ж. 169 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 67

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930