Келесі жылдан бастап әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі
Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынады
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және «еGov» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады.
Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Енді жастар әскери коммисариаттарға тіркелу үшін сағаттап кезекте тұрмайды.
Сондай-ақ, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азаяды. Енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болмақ, деп жазады «Хабар24».
«Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.