Келесі жылдан бастап 17 жасар балаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында 17 жастағы жасөспірімдерді әскери есепке алу автоматты түрде жүреді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастамасын Премьер-министр, мүдделі мемлекеттік органдар, елорда, республикалық маңызы бар қала және облыс әкімдіктері қолдады.
"Оны іске асыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін модификациялау мен ықпалдастырудың арқасында мүмкін болды. Бұл еліміздің 16-60 жас аралығындағы азаматтарын әскери есепке алудың толық қамтылып жүргізілуіне мүмкіндік берді.
Қолданыстағы заңға сәйкес жыл сайын он жеті жасқа толатын ер азаматтарды тіркеу жүргізіледі. Мұндай процедура әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтай алады.
"Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдары бір айлық балалардан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды кейіннен динамикалық бақылаумен және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулерді жүзеге асырады. Бұл ретте жалпы практика дәрігерлері бейінді мамандардың қорытындысын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, 15 пен 18 жас аралығында балалардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізеді. Мұндай деректер Қорғаныс министрлігімен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі", - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен.
Жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жастағы жасөспірім әскери есепке алынады.
Қызметті автоматтандыру шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал үнемделген қаражат медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды әскери комиссариаттарға алдыру, кеңсе тауарлары және т. б. қызметтерге жұмсалатын болады.