Қазақстанда кеңсе қағазын шетелден сатып алуға тыйым салынуы мүмкін
Шектеу ішкі нарықты импорттан қорғауға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.
"Ашық НҚА" порталында "Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жарияланған. А3 және А4 форматтарында жазу, басып шығару немесе басқа да графикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын қағаз "алып қою" тізбесіне енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңсе қағазын жеткізетін шетелдік компанияларды мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеу ішкі нарықты импорттан қорғауға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.
Кеңсе қағазын "алып қою" тізбесіне енгізуді "Атамекен" ҰКП және Қазақстан қаптамашылар қауымдастығы ұсынды.
Қазіргі кезде Қазақстанда Астана, Алматы, Шымкент және Петропавл қалаларында кеңсе қағазын өндіретін кәсіпорындар тіркелген және белсенді жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындардың жиынтық өндірістік қуаты жылына 23 мың тоннадан асады. Бұл ретте 2022 жылы сатып алудың барлық көлемі шамамен 15 мың тоннаны құрады.
"А3 және А4 форматындағы кеңсе техникасы үшін қағаз өндіруші отандық кәсіпорынлдар сатып алудың қажетті көлемін толық қамтуға, керек болса, өндірістік қуатты арттыруға дайын. Сонымен қатар, отандық өндірушілер бюджетке салық аударымдарын қамтамасыз етеді. Импорт азаяды. Сондай-ақ, біздің компаниялар дайын өнім экспортын жолға қоюға дайын", деп атап өтті Қазақстанның қаптамашылар қауымдастығының төрағасы Батырбек Әубәкіров.