Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салу жоспарланып жатыр

Сұйытылған мұнай газы экспортына тыйым салу жоспарланып жатыр

Энергетика министрлігі сұйытылған газды бұйрық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзімге автомобильмен және темір жол көлігімен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды baq.kz.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ашық НҚА порталында талқылау үшін жарияланды.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілген, соның нәтижесінде халық және көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындары осы отын түріне тез ауысып жатқанын байқауға болады.
Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. Сонымен қатар 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тоннаны құрады.
Ішкі нарықтың қажеттілігі 130-140 мың тонна (әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес) болған кезде ҚР Энергетика министрлігі маусымға байланысты айына жеткізу жоспары шеңберінде 120-130 000 тонна немесе сұраныстың 90% үлестіреді. Өндіруші зауыттардың жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезеңінде ішкі нарықтың сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігінің өтелмеуі 15-25%-ды құрады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған газдың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, оның экспортына тыйым салуды енгізу жоспарланып жатыр.
10 тамыз 2023 ж. 124 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031