Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Техникалық байқау» құжатын енді онлайн алуға болады

«Техникалық байқау» құжатын енді онлайн алуға болады

1 қыркүйекте жоба іске қосылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.
Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1-ші қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.
Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады.
Айта кету керек, цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады.
Бұл ретте биыл көктемде VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыруды күшейтіп, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуды тапсырағанын естеріңізге сала кетейік.
03 тамыз 2023 ж. 330 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930