Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Техникалық тексеруден өтпеген көліктерді "Сергек" анықтайды

Техникалық тексеруден өтпеген көліктерді "Сергек" анықтайды

Жоба 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жалған техникалық байқаудан өткені үшін мамандардың да, жүргізушілердің де жауапкершілігі күшейтіледі. Бұл туралы депутаттық сауалға берген жауабында Премьер-министр Әлихан Смаилов мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Үкімет басшысы елімізде көліктердің техникалық байқаудан өткізілетінін айтты. Енді "Сергек" камералары техникалық байқау мерзімі өтіп кеткен көліктерді анықтайтын болады. Тиісті жоба ағымдағы жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында іске қосылуға тиіс.
Премьер-министр депутат Айқын Қоңыровтың жеке тұлғаларға көлікті техникалық байқаудан өткізуге міндеттемеу мен ол үшін салынатын әкімшілік жазаны алып тастауды ұсынған депутаттық сауалына жауап ретінде мәлімдеді.
Еске салайық, ҚХП фракциясының депутаты Айқын Қоңыров өз ұсынысында "техникалық тексеру артық шығындарға әкеп соғады, жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, сонымен қатар көлік иесі мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше әсер етпейді" деген уәж келтірген болатын.
Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу барлық дамыған елдерде, соның ішінде Еуропа елдерінде де жүргізіледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, міндетті техникалық байқаудан бас тартуды орынсыз деп санаймыз,— деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смаилов "тексеру формальдылық болудан қалсын" деген басқа да шараларға тоқталды: тексеру қызметкерлерінің жауапкершілігі күшейтіледі, жалған тексеру үшін жүргізушілер жазаланады.
24 ақпан 2022 ж. 460 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 43

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 43

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930