Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?

Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?

Жылына бір рет берілетін материалдық көмек сомасы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз болмауы керек.
Үкіметтің №64 Қаулысына сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында 400 мыңнан астам балаға мектепке дайындалуға, яғни мектеп формасы мен қажет керек-жарақтарды алуға ақшалай көмек беріледі. Бұрын киім-кешек пен оқу құралдарын мектептің өзі берсе, 2022 жылдан бастап ата-аналардың сұранысы негізінде ақшалай түрде ата-ананың банк шотына аударылады. Сол ақшаға мектеп формасы мен оқуға керек-жарақты ата-ана баласымен бірге таңдап алады. Ақшалай көмек кімдерге тиесілі? Ол үшін не істеу қажет? Информбюро порталы осы және өзге де сұрақтарға жауап береді. 
№1. Көмекті кімдер ала алады?
Қаулыда отбасылардың бес санаты айқындалған:  
атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардан шыққан балалар;
АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар;
төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға, оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар;
өзге де санаттағы отбасылардан шыққан балалар.
№2. Материалдық көмек сомасы қанша теңге?
Оқушыға киім, аяқ киім, оқуға керек-жарақты сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің төмен болмауы керек. Биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды, яғни жергілікті бюджеттерден бөлінген бұл қаражаттың көлемі осы сомадан аз болмайды. Ал одан көп болса, көмек жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тағайындалады. 
№3. Көмекті алу үшін не істеу қажет?
Оқушының ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар не кәмелетке толған оқушының өзі мектептің бірінші басшысының атына материалдық көмек алу жөнінде өтініш жазады. Өтініштің жоғарғы бөлігіне  ұйым басшысының аты, өтініш берушінің аты-жөні, үйінің мекенжайы, ұялы телефоны мен электорнды поштасы жазылады. Одан кейін оқушының сыныбы мен аты-жөнін жазып, материалдық көмек сұрау себебін көрсетеді. Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілгенін жазады. Ең соңында өтініш жазған күнді көрсетіп, аты-жөнін жазып, қол қояды. 
№4. Қандай құжаттар сұралады?
Материалдық көмек алуға құқылы санаттарға жататынын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Мектеп әкімшілігі санатқа жататынын, табысы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерге сұрау салу арқылы тексере алады.
Өтінішке растайтын құжаттар:
отбасыларда тәрбиеленетін жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі.
№5. Көмекке мұқтаж отбасылардың өзге санаты қалай анықталады?
Өзге де санаттағы отбасылардың балалары көмекке мұқтаж екенін білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды. Материалдық көмекті қажет ететіні расталса мектептің жанынан құрылған қамқоршылық кеңес шешімімен көмек тағайындалады.
Өтініш берушінің материалдық жағдайы сол адамның, ал ол болмсса отбасында кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірі бар кезде тексеріледі. Жұмыс істейтін, жұмыссыз, бала саны, тұрмыс жағдайы, яғни қайда тұратыны, үй жалдаса, оның ақысы, отбасының табысы сұралады. Көліктің, басқа баспананың, өзге табыстың бар-жоғы тексеріледі.
№6. Өтініш қанша уақытта қаралады?
Директор шешімімен бекітілген жауапты тұлға көмек алуға өтініштерді тіркейді. Заңнамаға сәйкес өтініш келіп түскен күннен бастап 15 күн ішінде қаралады және бесінші санаттағы отбасының жағдайын білім беру ұйымы жанынан құрылған комиссия зерттейді, актілейді және қорытындысын шығарады.
№7. Қаржы есебін беру міндеттеле ме?
Өтініш иесі киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алған соң 15 жұмыс күні ішінде ақшаның нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды мектепке міндетті түрде ұсынуы қажет. Киім мен оқу құралдарын сатып алғанын төлем туралы түбіртектері, чектері, фотосы арқылы растай алады
№8. Көмек беруден бас тартуға не себеп болуы мүмкін?
Қаржылық және материалдық көмек:
көрінеу жалған ақпарат, дәйексіз құжаттар ұсынса;
материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы басқару органының қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға тағайындалмайды.
01 тамыз 2023 ж. 321 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031