Менингит инфекциясы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Республика көлемінде менингококты менингит инфекциясынан эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты жəне балалар арасында менингококты инфекциясының, оның ішінде эпидемиологиялық қолайсыз аймақтардан тасымалдануының алдын алу, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында 2018 жылдың 6 маусым күні Қазалы ауданының білім бөлімі қызметкерлерінің жəне білім беру ұйымдарындағы мектеп мейіркештерінің қатысуымен Əйтеке би кентіндегі балабақшалар мен Шағала демалыс орталығы жəне кент мектептері жанындағы күндізгі тынығу лагерлері демалушыларының арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, менингит инфекциясы туралы ақпараттық парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 7 маусым күні аудандық оқушылар үйінің мәжіліс залында медицина қызметкерлері, барлық мектеп, шағын орталық және балабақша басшылары және балабақша, мектеп мейіркештерінің қатысуымен «Менингококты инфекцияның клиникасы, диагностикасы, эпидемиологиясы және алдын алу шаралары» тақырыбында аудандық семинар өткізіледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.