Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайызға төмендеді

Қазалыда жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайызға төмендеді

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 12-2) тармақшасы және Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алып, Жастар Ресурстық Орталықтары аймақтағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға және еңбекке құлшынысы жоғары жастарға арналған «Еңбек жасақтары» жұмысын жандандыруды қолға алды.
Бұл ретте, «Жастар еңбек жасақтарын құрудың» тұжырымдамасы әзірленді. Әр қарай еңбекке ынталы жастарды тіркеу, оларға бағытталған жұмыстар нақты жоспармен бекітілді. Жасақ құрудың басты мақсаты – жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамту, еңбекке құлшынысы жоғары жастарды жұмысқа сүйемелдеу, уақытша немесе тұрақты жұмыспен қамту, оларды әлеуметтендіру болып табылады.
Іске асыру механизмі бойынша NEET санатындағы жастардың санын төмендету, еңбек нарығын күшейтіп өнім өндірудегі бәсекелестігі арттыру, өндірістік кооперативтер және бригадалар жұмысын біріздендіріп жас кәсіпкерлердің пайда болуына жағдай жасалады.
Сондай-ақ жастардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы дамуына үлес қосуды көздейді.
Қарапайым еңбек ету жолымен көтеріліп, кіндік қаны тамған жерінен жырақтамай, биік баспалдақтарға, кейін білімін жетілдіріп, ауылдың өркендеуіне, шаруашылығының дамуына бойындағы жастық жалынын, күш-қайратын үйлестірген «Еңбектің майталманы» саналған лайықты жастар қоғамға үлгі ретінде дәріптеледі. Бұған дейін, аймақтағы барлық жастар ресурстық орталықтары жұмыссыз жүрген және уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың басын біріктіріп, «Еңбек жасақтарының» қатарын кеңейтіп, іске асыру механизіміне бірнеше еңбек адамдарын толықтыруды, жан-жақты насихаттау жұмыстарына жұмылдырылып, республикада көш бастаған Өңірдің бірі болатын.
Ақпарат ретінде: өткен жылы өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар толық орындалды. Осының нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайызға төмендеді. Аймақтағы жалпы жұмыс күшінің саны 347,2 мың адам, оның ішінде 22,2 пайызы немесе 77,1 мыңы жастар. Бұған қоса, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін 73 мың жас бар.
31 шілде 2023 ж. 121 0

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 38

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031