Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісі қатері жоғары өңірлер аталды

Жер сілкінісі қатері жоғары өңірлер аталды

Қазақстандағы жер сілкінісі қаупі жоғары өңірлерде 7 миллионнан астам адам тұратыны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ ол аймақтарда елдің өнеркәсіптік әлеуетінің 50 пайызы шоғырланған, 400-ден астам қала мен елді мекен орналасқан.

«Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ел үшін әрқашан басым бағыттардың бірі болып қала береді. Өйткені, Қазақстан аумағының шамамен 40% сейсмикалық аймақ саналады. Аса зор қауіп – XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ең үлкен тарихи жер сілкінісі болған елдің оңтүстік-шығыс аумақтарында. Олардың эпицентріндегі әсер ету күші 8-10 балға жетті. Сондай-ақ бүгінде Шығыс Қазақстанда 8 балға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 8-9 балға дейін, орталық және Батыс Қазақстанда 6-7 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал аудандар бар. Алматы және Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Абай және Жетісу облыстарының аумақтарында сейсмикалық қауіп жоғары. Бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан Алматы қаласы апатты жер сілкіністеріне барынша бейім», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанда сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында.
30 шілде 2023 ж. 379 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 210

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930