Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бір минут ішінде шамамен 6 млрд теңгенің онлайн төлемдері жүргізіледі

Елімізде бір минут ішінде шамамен 6 млрд теңгенің онлайн төлемдері жүргізіледі

Жарты жылда жалпы сомасы 441,1 трлн теңгеге 35,3 млн төлем жүргізілді
2023 жылдың І жартыжылдығында Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада 441 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жүргізілді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Ұлттық банк хабарлағандай, орташа есеппен бір минут ішінде ҚҰБ-тың төлем жүйелерінде шамамен 6 миллиард теңгенің төлемдері өңделеді.
«Қазақстанда Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесінің операторы жұмыс істейді. Бұл төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға арналған инфрақұрылымды білдіреді», - деп атап өтті Ұлттық банк өкілдері.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында БААЖ мен БКЖ арқылы жалпы сомасы 441,1 трлн теңгеге 35,3 млн төлем жүргізілді.
«Операция орындалатын күндері БААЖ бен БКЖ ұлттық төлем жүйелеріне келетін орташа жүктеме күніне 3,7 трлн теңге сомасына 294,3 мың төлем болады. Орташа есеппен минутына ҚҰБ-тың төлем жүйелері арқылы 5,6 млрд теңгенің операциялары жүргізіледі. Операциялардың басым бөлігі осы жүйелерде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді», - делінген хабарламада.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,98% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден көп және ұлттық төлем жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді.
26 шілде 2023 ж. 456 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31