Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұрлан Ысқақов ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды baq.kz.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Зәйкешұлы Ысқақов ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрлан Ысқақов 1978 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген.
Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын, «Тұран Астана» университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Алматы Менеджмент университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Астана қалалық жедел жәрдем стансасында мейіргер болып бастаған.
1999-2002 жылдары Астана қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының апат медицинасы бөлімінің бас маманы, Апаттар медицинасы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің ауылдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
2008-2009 жылдары — Президент Іс басқармасы Медициналық oрталығының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сарапшысы, емдік-шипажайлық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасының және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.
2009-2012 жылдары «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымында жұмыс істеді.
2012-2017 жылдары — Президент Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының клиникалық-оңалту кешенінің медициналық технологияларды енгізу бөлімінің басшысы, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер» АҚ президенті қызметін атқарды.
2017-2020 жылдары — «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Туристік бағыттарды дамыту департаментінің директоры.
2020 жылы — «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.
2022 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін ДСМ «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
26 шілде 2023 ж. 177 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031