Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көліктерді уақытша есепке қою 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Шетелдік көліктерді уақытша есепке қою 1 қыркүйекке дейін жалғасады

ҚР ІІМ ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ЕЭО елдерінен келген, бұрынғы тіркеуінен шықпағаны үшін 1 шілдеге дейін заңдастырып үлгермеген автомобильдерді уақытша есепке қойып жатыр.
17 шілдеден бері 1000-ға жуық автомобиль уақытша тіркелді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев хабарлағандай, заңдастырып үлгермеген шетелдік көліктерді уақытша тіркеу 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Уақытша тіркеу мерзімі бес жыл.
«Бес жыл мерзім өткен соң көлік құралы уақытша тіркеуден автоматты түрде шығады. Иесі машинасын елден шығаруды шешсе, ҚР тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмірін қайтарып, шетелдік тіркеу құжаты мен нөмірін қайта алады. Егер көлікті бұрынғы елден есептен шығарып, Қазақстанда тіркегісі келсе, иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлеп, заңдастыра алады, мұндай машинадан утиль алымы алынбайды», — деді А. Жамалиев.
Оның айтуынша, биыл 23 қаңтар мен 22 шілде арасында тұрғындар көлік заңдастыруға 370 мыңнан аса өтініш беріпті. Қазірге дейін 326 мың автомобиль тексерістен өтіп, 213 мыңы есепке қойылды.
25 шілде 2023 ж. 475 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031