Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақтағы соғыс: климаттық қару дегеніміз не?

Болашақтағы соғыс: климаттық қару дегеніміз не?

Адамзат адамзат болып жаратылғалы бері соғыстан көз ашпай келеді. Тарихтың кейбір парақтары қанмен жазылған, қара дақпен таңбаланған. Найзадан бастап, тапаншаға дейін, одан ядролық қаруға дейін қару түрлерін жетілдірген адамзат болашақта жаңа қару түрлеріне көшеді. Технологиямен бірге қару түрлері де жетілдіріліп келеді. Енді климаттық қару жасауға талпынуда. Табиғаттың дүлей күштерін, былайша айтқанда, табғи катаклизмдерді өз мақсаты мен мүддеcіне пайдалануды адамзат ежелден көксеп келеді. Бұл арманы орындалар күн де алыс емес. Мәселен, Вьетнам соғысы кезінде, дәлірегі, 1967-1972 жылдар аралығында америкалықтар «Popeye» әскери жорығы кезінде ит тұмсығы батпайтын ну жынысты орман (жунгли) үстінен 5400 тонна күміс иодиді мен қорғасын иодидін шашып, тәжірибе жасап көрген болатын. Нәтижесінде әдеттегіден үш есе көп мөлшерде жауын-шашын болды. Меконг жоғарғы сағасында жауын маусымы 30 күннен 45 күнге дейін созылды. Есесіне 1971 жылы су тасқыны орын алып, Вьетнам аумағының 10 пайызын су шайып кетті. Америкалықтр мұнымен ғана шектеліп қалған жоқ, кейін Пентагонның бас-көз болуымен дауыл мен тайфунды басқару бойынша «Stormfury» жобасы қолға алынды. 1969 жылы боранды АҚШ жағалауынан Панамаға бұра алды. Алайда, бұл туралы нақты ақпарат жоқ. 1980-ші жылдары аталған жоба тоқтатылды. 1977 жылы климаттық қаруға тыйым салу туралы халықаралық келісімге келгенімен "бейбіт мақсатта" деген желеумен табиғи күштерге тәжірибе жасау тоқтатылмай келеді. Мәселен, Кеңес Одағы Франциямен бірігіп, "Арака" тәжірибесін жүргізді. Онда Жердің магниттік полясының күштік желісі бойымен электронды "ату" жүзеге асырылды. Нәтижесінде үсті-үстіне передатчикпен "төпелеп" отырып, күллі планетада 3-тен 30 мегагерцке дейінгі диапозонда байланысты үзуге арналған тәжірибе негізінде инфратөменгі жиіліктегі передатчик жасалды. Импульс бір секундтың оннан біріндегі интервалында беріледі. Нәтижесінде радиоқабылдағашта пульсті тықылдау естілетін болды. Оның энергиясымен адам миының қызмет ырғағын толық көшірілетін еді. Aмерикалықтар мұны адамның психологиялық жағдайында әсер ету мақсатында пайдалануға болады деп есептейді. Бұл құрылғы қазіргі уақытта Пентагонның жерасты әскери байланысында пайдаланылады. 1981 жылы РФ-ның Васильсурск қаласында Жылу процесі институты әзірлеген "Сура" зерттеу қондырғысы орнатылды. Аталған кешен жер атмосферасында жүріп жатқан процестермен ионсфераның өзара байланысын зерделеуге арналған. Оның әскери мақсатқа жарамды жағы: қауіпті қарсыластың локациясы мен радиобайланысын үзу. "Сурамен" қалыптастырылған ионосферадағы плазма америкалық қашықтыққа ұшатын зымыран жүйесін толық "тұншықтырып" тастаған болатын. Алайда, бұл қондырға атмосферада өзгеріс тудыратындықтан ресми түрде қолданылмайды деп айтылып жүр. АҚШ Аляскіде HAARP кешенін іске қоспақшы, оның антеннасы атмосферада энергиясын шоғырландырып, жердің кез келген түкпіріне бағыттай алады. Ол өз кезегінде су тасқыны, тайфун, дауыл, т.б. тұрғыза алады-мыс. Аталған стансаны уақытша жапқанымен 2017 жылдың соңына таман қайта іске қосты. Бейбіт мақсатта деп айтылғанымен, неге екені белгісіз, оны Пентагон қаржыландырып отыр. Осылайша, бір оқ шығармай, адам шығынынсыз жаулап алуға болатын технология жетілдірілуде.
Islam.kz
05 маусым 2018 ж. 1 417 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930