Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы іске қосылады

Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы іске қосылады

Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің баяндауынша, жыл басынан бері республикада Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СБМАЖ) іске қосылған. Ол бұған дейін егіншілердің сынына ұшыраған осыған ұқсас жекеменшік платформаның орнына енгізіліп отыр.
Бүгінде СБМАЖ 1 млрд теңгеден астам соманы үнемдей отырып, барлық фермер үшін мемлекеттік субсидияларды тегін бөлуді қамтамасыз етіп жатыр. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезек беріліп, өтінімдердің бірыңғай тізілімі (күту парағы) енгізілді. Сондай-ақ облыстар мен субсидиялар бойынша "жария бюджет" функциясы іске қосылды.
Сонымен қатар платформада арзандатылған дизель отынын алуға өтінімдер қабылданады. Жалпы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша СБМАЖ-ға 50 мыңнан астам адам тіркеліп, жүйе арқылы 88 мыңнан астам өтінім берілді және 112 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігі платформаның функционалына қатысты "Атамекен" ҰКП-ның барлық ескертуін назарға алу керектігін, облыс әкімдіктері уақытылы субсидиялар төлеп, фермерлермен бірге жыл соңына дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" порталында егіс алқаптарын цифрландыру қажеттігін міндеттеді. Сонымен қатар жаңадан құрылған облыс әкімдіктеріне СБМАЖ жүйесінде фермерлер алдындағы міндеттемелерді қабылдау жөніндегі жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Бағдат Мусиннің биылғы маусым айынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленген "minerals.gov.kz" Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын пайдалануға беру туралы есебі тыңдалды.
Жер қойнауын пайдаланушылар жүйеде жеке кабинет ашып, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге өтініш бере алады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардан түрлі хабарламалар алып отырады. Платформа бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Отырыс аясында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкін құру мәселесі де қаралды.
Экология министрлігінің басшысы Зүлфия Сүлейменова бүгінде пилоттық режимде қоршаған ортаға бөлінетін эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйелерінен алынған деректерді, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондары мен бекеттері туралы мәліметтерді, атмосферадағы ауаның жай-күйін және т.б. жинақтайтын интерактивті карта іске қосылғанын баяндады.
04 шілде 2023 ж. 177 0

Тұғыры таудай тұлға

29 қазан 2024 ж. 71

Краншы Күлпаршын

29 қазан 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031