Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Санаторий мен курортқа жолдаманы қалай алуға болады

Санаторий мен курортқа жолдаманы қалай алуға болады

Денсаулық сақтау министрлігі санаторий мен курортқа баруға жолдаманы қалай алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz.
«Жолдама алу үшін емханадағы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге (жалпы практика дәрігері) бару қажет. Бұл ретте, пациент тиісті тексеруден өтеді (қан, зәр жалпы талдауы, ЭКГ, флюорография және ауруға байланысты басқа да тексерулер). Осыдан кейін науқас «ауруханаға жатқызу бюросы» порталында бекітіледі», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде.
Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінде санаторий-курорттық емдеуге жолдама негізгі ауру бойынша белгілер болған кезде беріледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі санаторий мен курортқа кімдер тегін бара алатынын түсіндірді.
Санаторий-курорттық емдеу - бұл медициналық оңалтудың үшінші кезеңінде ұсынылатын сауықтыру түрі.
«Бұл ретте, Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында, күндізгі стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында, оның ішінде қашықтан медициналық қызмет көрсету арқылы ұсынылады», - деп аталып өткен министрлік жауабында.
03 шілде 2023 ж. 372 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031