Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Эльдар Толғанбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Эльдар Толғанбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Президент әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Эльдар Толғанбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.
2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.
2008-2012 жылдары - бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
2012-2016 жылдары - ҚР Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.
2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары - "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдары - "Almaty телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары.
2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
29 маусым 2023 ж. 265 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930