Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады

Қазақстанда Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды inform.kz.
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Хериот-Уатт университетінің филиалы құрылсын. Оқу орнының негізгі қызмет нысаны білім беру қызметтерін көрсету, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу филиалдар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. Филиалдағы білім беру процесі шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарта отырып, мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі, олардың үлесі филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санының кемінде 30%-ын құрайды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
Құжатта жазылғандай, Хериот-Уатт университетінің филиалын ҚР мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде алынған қаражат және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Құжат 4 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
26 маусым 2023 ж. 294 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031