Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 проценттік автокредит: министрлік ай сайын берілетін несиенің санын жариялады

4 проценттік автокредит: министрлік ай сайын берілетін несиенің санын жариялады

Қазақстанда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-сы жүргізген автокредит бағдарламасы тоқтатылады. Ал Қазақстанның даму банкі бастаған автокредиттерді беру тоқтатылмайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ай сайын қанша несие берілетінін жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбековтың айтуынша, Қазақстанның даму банкі бастамашы болған автокредит бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бері 82 миллиард теңге бөлінді. Қазір осы ақшаға көлік алған адамдар несиесін төлеп жүр. Соның есебінен тағы автокредиттер беріліп тұрады.
"Бүгінде осы бағдарлама бойынша айналымда шамамен 189-190 миллиард теңге жүр. Биыл 1 мамырға дейін барлығы 33 мың автокредит берілді. Ал револьверлік механизм, яғни, берілетін кредиттерден түсетін төлемдердің есебінен ай сайын тағы 2-2,5 миллиард теңге жиналып тұрады. Оған ай сайын республика бойынша 200-250 кредит беруге мүмкіндік бар", - деді Сапарбеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Осы орайда комитет басшысының орынбасары Қазақстанның даму банкі жүргізетін бағдарлама мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-сының автокредиті арасындағы көп айырмашылық жоқ екенін еске салды. Бірінші бағдарламада алғашқы жарна бар. Ал соңғы бағдарламада ондай жарна жоқ. Басқа талаптары бірдей.
"Қазіргі кезде Қазақстанның даму банкінің автокредит бағдарламасы істеп тұр. Банктер ақша түскен сайын кредит беріп отырады. Бүгін банкке барып, сұрауға болады. Егер бірінші бағдарлама бойынша револьверлік механизммен ақша түскен болса, автонесие рәсімдеуге болады", - деп атап көрсетті Сапарбеков.
Қазақстанда тағы бір автокредит бағдарламасына өнеркәсіпті дамыту қоры жауапты. Автокредит порталын да осы мекеме іске қосқан. Енді, бұл бағдарламаның ақшасына автобустарға кредит беріледі.
Айта кетері, бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасының тоқтатылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, енді барлық ақша автобустарды жаңартуға жұмсалады. Себебі халық қоғамдық көлікті жиі пайдаланады.
20 маусым 2023 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930