Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жасалған автокөлікті арнайы несие арқылы алуға болады

Қазақстанда жасалған автокөлікті арнайы несие арқылы алуға болады

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 млрд теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан даму банкі» АҚ  Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының  шеңберінде Ұлттық қор қаражатының 8 млрд теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке : Halyk Bank, Евразиялық банкке, «Ресей жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкіне және «ЦентрКредит» банкіне 1 млрд 875 млн теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) – 500 млн тенге жіберді»,- деілнген хабарламада. 

ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің ағымдағы шарттары мынадай: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі – жылдық 4%-дан аспайды, кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн теңгеден аспайды. Бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді.

Қарыз алушыларға Бағдарлама шеңберінде автокөліктердің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылады, оларды құрастыру «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, операторы ҚДБ болып табылатын Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты Бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Бұған дейін Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордың жалпы сомасы 26 млрд теңге екі траншы жіберілген болатын, оларды Бағдарламаға қатысушы ЕДБ толығымен игерді. Жеңілдікпен автокредит беру қаражатының есебінен 10 000 жуық қазақстандықтар отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Берілген қарыздардың жалпы сомасы қайталап игерілген қаражатты есептегенде, бүгінгі таңда 39 млрд теңгеден асады. Қарыз алушыларға кредит беру револьверлік сипатты иеленеді, яғни жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.
07 ақпан 2018 ж. 2 402 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930