Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек нарығында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар белгілі болды

Еңбек нарығында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар белгілі болды

Сәуір айымен салыстырғанда медицина қызметкерлеріне сұраныс артты.
Электрондық еңбек биржасында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар автомобиль жүргізушілері (1,9 мың бос жұмыс орны және 1,5 мың түйіндеме), күзетшілер (1,6 мың бос жұмыс орны және 889 түйіндеме) және тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны және 810 түйіндеме) болып қала береді.
Сәуір айымен салыстырғанда медицина қызметкерлеріне (1,6 мың бос жұмыс орны және 1 мың түйіндеме) және байланыс орталығының операторларына (1,9 мың бос жұмыс орны және 11 түйіндеме) сұраныстың артуы байқалады.
Жұмыс іздеушілердің арасындағы ең белсенді топ дәстүрлі түрде 16-35 жас аралығындағы жастар болып қала береді.
Мамыр айында жұмыс берушілер АКТ жобаларының менеджерлеріне (1,2 млн теңгеден бастап) және жаңа өнімдерді әзірлеу жөніндегі жоба жетекшілеріне (1 млн теңгеден бастап) – яғни біліктілік талаптары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығы бар бос лауазымдар үшін ең жоғары жалақыны ұсынуға дайын болды. Айта кету керек, еңбек биржасында үміткерлердің 5,3% - ы қажетті жалақы мөлшерін көрсетпеуді жөн көреді.
Жалпы мамыр айында сәуірмен салыстырғанда еңбек нарығы егіс науқанының аяқталуына байланысты ауыл шаруашылығы саласының мамандарына сұраныстың төмендеуімен сипатталады.
"Байланыс орталығының операторлары арасында кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуға арналған басқа онлайн-платформаларға ауысуымен де, COVID-19 пандемиясы кезеңінен бері байқалған қашықтағы кәсіп қызметкерлеріне сұраныстың артуының Дүниежүзілік трендімен де байланысты болуы мүмкін", – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
15 маусым 2023 ж. 218 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 61

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 91

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031