Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып баспана ала алады

Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып баспана ала алады

Ол Отбасы банкі арқылы жүзеге асырылады.
Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін төлемге қатысты мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақ қойды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Мысалы, үйде ағайынды балалар болады. Қазір үлкені 17 жаста делік. Осы Ұлттық қордан берілетін 3 500 долларды 18 жылға есептегенде олар әр жыл сайын шамамен 200 доллар ғана алады. 200 доллар не білімге, не үйге жетпейді. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: өзінің артынан еріп келе жатқан бауыр, қарындас, інілеріне ақшаны беру, аудару мүмкіндігі бар ма? Егер болмаса, неге осы мәселені қарастырмасқа?», – деп сұрады депутат Қаржы министрлігі өкілінен.
Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков депутаттың сұрағына жауап берді.
«Біз бұл сұрақты да талқыладық. Егер бір отбасыда 18 жасқа толмаған бірнеше бала осы ақшаны алатын болса, олардың құқығы Отбасы банкіне аударылады. Отбасы банк депозит арқылы мысалы, 3-4 баланың депозитін біріктіріп, тиісті бір мақсатқа жұмсай алады. Мақсат бір – ол пәтер алу. Ондай мүмкіндік қарастырылған», - деп жауап берді вице-министр Мәжілісте.
Сонымен қатар, заңды таныстырған депутат Үнзила Шапақ та сұрақтың жауабын толықтыра кетті.
«Ол ақша 10 жылға дейін БЖЗҚ сақталады. Себебі, ол балалардың бәрі бір жылда 18 жасқа толмайды. Сол себепті өзінен кейінгі бауырларының жасы 18 жасқа толған сәтте ғана ол ақша қосылады. Осыған дейін қолданылған Зейнетақы қорынан ақша алу механизмімен бірдей болады. Бұл заңда бар», - деді депутат.
Еске сала кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
14 маусым 2023 ж. 203 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930