Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн нотариаттық қызметтер тізімі кеңейтілді

Қазақстанда онлайн нотариаттық қызметтер тізімі кеңейтілді

Қазақстанда онлайн режимде қолжетімді нотариаттық қызметтер тізбесі кеңейтілді, деп хабарлайды inform.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттардың тек үш түрі ғана ресімделіп келсе, қазір мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, барлық түрлері EGOV Mobile арқылы электрондық түрде қолжетімді.
Вице-министр Бекболат Молдабековтың айтуынша, 2023 жылғы 11 сәуірден бастап Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосты. Оның шеңберінде халыққа сенімхаттарды онлайн форматта ресімдеу мүмкіндігі берілді. Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттың тек үш түрі ресімделген:
- барлық мемлекеттік органдарда, мекемелерде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда мүдделер ұсынуға;
- мұрагерлік істі жүргізуге;
- соттарда іс жүргізуге.
Алайда, жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың өмірлік жағдайларына қарай онлайн режимде ресімделетін сенімхаттар тізбесін кеңейту қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты, Әділет министрлігі мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, сенімхаттардың барлық түрлерін осы тізбеге енгізу туралы шешім қабылдады.
«Қызмет алу сапасы мен ыңғайлылығын жақсарту бойынша жұмыс жалғасады»,-деп атап өтті Әділет вице-министрі.
Осыған дейін ҚР Президенті нотариат мәселелері бойынша ҚР заңына қол қойғаны хабарланған еді.

13 маусым 2023 ж. 205 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 31

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 30

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 31

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031