Қазақстанда ауа райы температурасы бойынша жаңа рекордтар тіркелді
Айдың басында республиканың батыс жағында, ал айдың ең соңында Қазақстанның басым бөлігінде жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райы байқалды, бұл температуралық рекордтарға алып келді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпаратқа сүйенсек:
- 1 мамырда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді, осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңартылды;
- Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максималды температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалды;
- Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты;
- 2 мамыр күні дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты;
- Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) термометр бағаны +32,2°С белгісіне жетті, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңартылды;
- 11 мамырда Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) ең жоғары ауа температурасы +31,3°С тіркелді, осылайша 1976 жылғы рекорд (+30,0°С) жаңартылды;
- Жарық метеостанциясында (Қарағанды облысы) максималды ауа температурасы +29,6°С болды, соңғы рет сол күні максималды температура 1991 жылы (+29,0°С) байқалды;
- Қызылорда метеостанциясында (Қызылорда облысы) термометр бағаны +35,6°С белгісіне жетті, бұл 2019 жылғы рекордты (+34,7°С) жаңартты;
- 27 мамыр күні Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +36,2°С болды, осылайша 2000 жылғы ауа температурасы +34,0°С құраған рекордынан асты;
- 30 мамыр күні Қостанай метеостанциясында (Қостанай облысы) термометр бағаны +34,9°С белгісіне жетті, осылайша 2021 жылғы рекорд (+34,5°С) жаңартылды.
Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының басында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына ауа температурасының төмендеуі мен үсікке алып келген Шығыс Сібір ауданынан салқын ауа массалары жетті.
Рекордтарға тоқталатын болсақ:
- 2 мамырда түнгі уақытта Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -6,8°С болды, осылайша 1969 жылғы рекорд (-5,0°С) жаңартылды;
- 3 мамырда осы метеостанцияда термометр бағаны -7,8°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 2002 жылы -3,7°С болды;
- Риддер метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) ауа температурасының рекордтық көрсеткіші -5,2°С белгісіне жетті, бұл 1985 жылғы рекордты (-4,5°С) жаңартты;
- 4 мамырда Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -8°С болды, осылайша 1997 жылғы ауа температурасы -5,1°С болған кездегі рекордтан асты;
- 5 мамырда Тараз метеостанциясында (Жамбыл облысы) термометр бағаны -1,1°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 1998 жылы +0,5°С құрады.
Одан бөлек еліміздің оңтүстік-шығысында күшті жел байқалды. Мысалы, Достық АМС-да (автоматты метеорологиялық станция) 1 мамырда дауылды жел (екпіні 42 м/с), 2 мамыр күні өте күшті жел (екпіні 33 м/с), 3 мамыр күні – екпіні 31 м/с болатын жел байқалды.
Температуралық рекордтардан басқа мамыр айында жауын-шашыннан да рекордтар болды, жекелеген станцияларда жауын-шашын бір тәулікте айлық нормадан көп жауды:
- Қазалы метеостанциясында (Қызылорда облысы) 16 мамырда бір айлық нормасы 14 мм болған жағдайда 17 мм жауын-шашын жауды;
- Тасты метеостанциясында (Түркістан облысы) 17 мамырда 18 мм жауын-шашын жауды (бір айлық нормасы 17 мм);
- Жалаңашкөл метеостанциясында (Жетісу облысы) 22 мамырда бір айлық норма 8 мм болған жағдайда бір тәулікте 10 мм жауын-шашын жауды.
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәлімдеуінше, Астана қаласында 2023 жылғы мамыр айында метеорологиялық бақылаулар деректері бойынша ең төменгі ауа температурасы 3 мамырда түнгі уақытта -2,0°С болды, ең жоғары ауа температурасы 31 мамырда +33,1°С болды. Бір айда жауған жауын-шашын 0,6 мм (норма 33 мм) болды, бұл норманың 2%-ына тең.