Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда туристік жарна енгізу ұсынылды

Қазақстанда туристік жарна енгізу ұсынылды

Елімізге сырт елден келетін туристерге жарна енгізу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. 
"Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған", - деді заң жобасын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 
Сондай-ақ, аталған заң жобасында шетелден саяхаттап келетіндер үшін туристік жарна жүйесін енгізу қаралып отыр. 
"Әлемдік тәжірибені ескере отырып және ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерден туристік жарна енгізу және операторларды анықтау жоспарлануда.
Туристік алым мөлшерлемесінің өзін Мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді", - дейді ол. 
Райымқұлованың сөзіне сенсек, туризмді қолдауда мемлекеттік шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттің қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңгені тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

08 сәуір 2021 ж. 2 446 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031