Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық кәсіпкерлер өнеркәсіптік ипотека арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге әзір

Қызылордалық кәсіпкерлер өнеркәсіптік ипотека арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге әзір

Қызылордалық кәсіпкерлер Үкімет ұсынған өнеркәсіптік ипотека бағдарламасы арқылы ғимараттар салынса, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобаларды іске асыруға дайындығын жеткізді.
Бұл туралы «Мағжан және К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың батыс өңірлерінің орта бизнес өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.
Мағжан Ералиев қуаттылығы жылына 30 мың тонналық күріш өңдеу және 50 мың тонналық тұз өндіру зауыттарының жұмысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өндірістерге 1,5 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция салынып, барлығы 400-ден аса жұмыс орындары құрылған.
Компания жыл сайын бюджетке 500 млн. теңгеден астам салық төлеп отыр. Өнімдер Ресей, Белорусь елдеріне экспортталады.
«Кәсіпорын бүгінде қызметін әртараптандыру мақсатында күріш ұны мен ботқасын өндіруді қолға алды. Өңірдің күріштен бөлек, қауын-қарбыз, жүгері, асқабақ пен сәбізді өңдеп, пюре мен түрлі сусындар шығаруға мүмкіндігі мол. Оларға нарықта сұраныс және өңір кәсіпкерлерінде қызығушылық бар», – деді кездесуде кәсіпкер.
Ол шыны зауытының қасында стеклотара шығаратын зауыт салу жұмыстары қолға алынғанын, кәсіпкерлерді ауылшаруашылығы өнімдерін өндеуге ынталандыру механизмдері қажет екенін атап өтті.
«Сіз бір мәжілісте кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретін механизм ретінде – өнеркәсіптік ипотеканың енгізілетінін атап өттіңіз. Бұл бастаманы біздер, бизнес өкілдері қолдаймыз. Өнеркәсіптік ипотека арқылы ғимараттар салынса, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобаларды іске асыруға дайынбыз», – деген Мағжан Ералиев қазірдің өзінде консервіленген жүгері, сәбіз бен асқабақтан балалар тағамы, сусындар, қауын-қақ және басқа да өндірістер бойынша 15 жобаға шамамен 2 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет екенін жеткізді.
Осы кездесуге қатысқан қызылордалық кәсіпкер Исламғали Қозбақов жұмысшы мамандарды өндіріс саласында тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қосуды ұсынды.
«Қазір жұмысшылардың тұрақсыздығы проблема. Жалақыны көтергенімізге қарамастан, көктемде мезгілдік жұмыстарға ауысып кетіп, күзде қайта келіп жатады. Оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қосу тұрақтандыруға сеп болар еді. Сонымен қатар, мамандарға әлеуметтік көмек ретінде балабақшамен қамтамасыз ету сияқты жеңілдіктер қарастырылса. Нәтижесінде, өндіріс саласына жастардың бет бұруы көбейіп, тұрақтылық сақталар еді», – деді қызылордалық кәсіпкер.
Мұнымен қоса Исламғали Қозбақов мұнай сервис саласында қызмет ететін азаматтардың зейнетке ерте шығу мәселесін де көтерді. Оның пікірінше, бұл салада қызмет ететін азаматтар көбіне дала жағдайында жұмыс істейді. Сол үшін де мамандардың жас ерекшелігі орта жастан асқан, жастар жағы аз. Зейнетке ерте шығу мәселесі, яғни саладағы мамандарды әлеуметтік қорғау жастарда көбірек тартуға сеп болмақ.
Сондай-ақ ол метал өнімдерімен жұмыс жасайтын компаниялардың металды сырттан алатынын айта келе, «Арселор Миттал Темиртау» компаниясы өнімдерінен жергілікті өндіруші компанияларға металды алу лимитін бекітуді ұсынды.
Қызылордалық қос кәсіпкердің саланы дамытуға арналған осы және өзге де ұсыныстарын Үкімет басшысы мұқият тыңдап, жүзеге асыру жолдары жауапты мемлекеттік орган басшыларымен талқыланатынын жеткізді.
08 маусым 2023 ж. 139 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 88

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 137

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 93

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031