Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап Қазақстандағы екі әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі

1 шілдеден бастап Қазақстандағы екі әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайыз өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу себебімен төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды. Оның мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға артады. Осы мақсаттарға респбуликалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді", - деді ол.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, биыл мүгедектігі бар адамдарды қажетті бұйымдармен қамту үшін бюджеттен 70 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.
"Мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде балалардың медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, бюджет есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-техникалық құралдармен, кресло, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекші және ым-ишара тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарға 400 мыңға жуық тауар мен қызмет ұсынылады. Биыл бұл мақсатқа 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", - деді Назгүл Сағындықова.
01 маусым 2023 ж. 366 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031