Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дүниеге келген балаларға скринингтің 4 түрі жасалады

Елімізде дүниеге келген балаларға скринингтің 4 түрі жасалады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице - министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды baq.kz.
95 мыңнан астам баланың неонаталдық скринингімен, 740 мың баланың аудиологиялық скринингімен, 770 мың баланың психофизикалық скринингімен, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына офтальмологиялық скринингпен - 1800 бала қамтылды,-дейді Вячеслав Дудник.
Балалардың денсаулығын сақтау басым бағыттардың бірі. 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық ұсынымдарына сәйкес патронаждық бақылаумен қамтылған. Қазіргі уақытта елімізде 6,5 мың мектептегі медициналық пункт жұмыс істесе, 7 мыңнан астам мектеп медбикелері қызмет атқарады.
Сондай-ақ, елімізде әйелдер 10 миллионнан асса, бала туу жасындағы әйелдер 4 миллион және 18 жасқа дейінгі 3 миллионнан астам қыздар тұрады.
Республикада 240 босандыру ұйымы, 2 деңгейдегі 58 перзентхана, 3 деңгейдегі 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Босану төсектерінің жалпы саны 9 мыңға жуық, оның 65%-ы қалалық деңгейде. Амбулаториялық деңгейде МСАК медициналық ұйымының құрамында 810 әйел консультациясы көмек көрсетеді. Жүкті әйелдердің 99%-ы медицина қызметкерлерінің бақылауында болды,-дейді Вячеслав Дудник.
31 мамыр 2023 ж. 186 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930