5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
Бұл – биылғы үшінші лек.
5 маусымда "Болашақ" бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығы.

2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде:
магистратура және резидентураға – 395;
докторантураға – 50,
тағылымдама бағдарламаларына – 110 стипендия.
Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.
"Биыл "Болашақ" стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте, "Болашақ" бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтін болады. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады", – деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Еске салайық, бұдан кейін өтінімдер 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында қабылданады.